Мен табиғатпен дос болғым келеді
Бүгін 15.04.2019 жылы экологиялық білім апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Тапорбаева Р. А. 2-4 сынып оқушылары арасында: "Мен табиғатпен дос болғым келеді"атты сынып сағатын өткізді..
Балалардың назарына пейзажист-суретшілерінің табиғат көрінісі жайлы әртүрлі суреттер мен ,ақын-жазушылардың табиғат сұлулығы туралы әдеби шығармалары ұсынылды. Балалар BILIMLand білім беру ресурсынан «Жасыл экономика» атты бейнетаспаны тамашалады. Оқушылар «Жасыл партия»," «Гринпис», «Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры», «Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағы» атты экологиялық ұйымдарының басты мақсаттары талқыланды.
Сынып сағаты "Родничок" және "Капелька"командалары арасында экологиялық турнир түрінде өтті. Бұл форма оқушылардың танымдық қызметін арттырып, табиғатты қорғау және сақтау мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Турнир үш кезеңнен тұрды: біріншісі-гүлдер туралы викторина сайсы,екіншісі - жануарлар туралы жұмбақтар сайысы және үшіншісі-логикаға арналған қызықты сұрақтар.
Сабақ соңында балалар орманда болу тәртіп ережелеріне арналған суреттер салды.