"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Мадениет отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоқыссыз өмір сүруді үйренеміз. Экология және экономика призмасы арқылы мектеп дәптерлері

 

Қоқыссыз өмір сүруді үйренеміз.

Экология және экономика призмасы арқылы мектеп дәптерлері

 

18 сәуір күні  9 -сынып оқушысы Салкенова Анель жоғары сынып оқушыларының арасындағы  ғылыми жобалардың  аудандық кезеңінде

"Қоқыссыз өмір сүруді үйренеміз. Экология және экономика призмасы арқылы мектеп дәптерлері" тақырыбындағы  ғылыми жұмысын қорғап шықты.  Анель "Сау табиғат  ортасы - "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асырудың негізі» бағытында өз жұмысын ұсынды. Анельдің ғылыми жұмысының жетекшісі тарих пәні мұғалімі Нурмаканова Ж.Б.

Оның жұмысы қоршаған орта тазалығының маңыздылығын көрсетуге, сонымен қатар қоқыстың адам өміріне, табиғатқа тигізіп жатқан әсерін көрсету.  Жобада экология мен экономиканың өзара байланысы көрсетілген. Анельдің  жұмысының басты мақсаты –оқушылар мен мұғалімдерге табиғаттың адам үшін маңыздылығын жеткізу, табиғатты мектеп қабырғасынан қорғау керек, өйткені балалар-еліміздің болашағы және оны өздері үшін сақтау керек!

Нәтижесінде Анель біздің ауылға  керексіз қоқыс  қабылдау бөлімдері қажет деген қорытындыға келді. Егер бұл бөлімдер ашылатын болса  бірінші  өшіретте біздің оқушыларымыз   дұрыс пайдаланбай жатқан мектеп дәптерлерін осы бөлімдерге тапсыру арқылы табиғатты қорғаудың маңызын ұғынар еді.

Өз жұмысы үшін Анель 3 жүлделі орынға ие болды, сондай ақ медальмен және бағалы кітаппен  марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 21.04.2019 16:48
Құрылған күні: 21.04.2019 16:48

Қазанның 14 күні Лесное мектебінде ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, бес асық және тоғыз құмалақ ойындарының арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жартастардың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бес асық және асық ату ойындарынан жүлделі 1 орынға ие болды.
Текст