Текст
Бала тәрбиесінде ұйқы алдында балаға ертегі оқып беру, орасан зор мәнге ие. Сол үшін ата-ана бұл үрдіске өте жауапкершілікпен қарап және балаға ертегі оқудан бас тартпауы керек.
Ертегі оқу баланың тәрбиесіне ерекше әсер етеді, ойлау, фантазиясын дамытуға, елестету және творчествалық бастамасының дамуына әсер етіп, сөздік қорын ұлғайтады.
Ұйықтар алдында балаға қарапайым және қайырымдылыққа толы ертегіні оқыған жөн. Баланың түс көруі, оның ұйқы алдында не көріп, не естіп және нені сезінгеніне байланысты.
Баланың есте сақтау қабілетін арттыру үшін, арасында қайталама сөздері бар ертегілер өте пайдалы. Ал сезім ритмін дамыту үшін ертегі өлеңдерді оқып отыру керек.