«Қазақстанның экологиялық мәселелері»
15 сәуір күні экологиялық білім апталығы аясында 9-11 сыныптар арасында география мұғалімі Садвакасов Д. А. «Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыбында экологиялық сабақ өткізді.
Сабақта оқушылар жердің экологиялық жағдайы туралы ақпарат алды, экологиялық мәселелер түрлерін қарастырды (жаһандық, ұлттық және жергілікті), «Қазақстанның экологиялық мәселелері» атты бейнетаспаны тамашалады.
Сабақ барысында мұғалім білім алушылармен бірге Қазақстанның экологиялық мәселелерін талқылады: Каспий және Арал теңіздерінің экологиялық мәселелері, Балқаш проблемалары және Семей өңірінің экологиялық мәселелері.
Сабақта балалар келесі ұрпақ үшін табиғатты сақтау үшін қандай көмек көрсете алатыны туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сабақтың қорытынды кезеңінде тест жұмысы жүргізілді.