Текст
Экологиялық поезд
Табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынасты қалыптастыру,
табиғат,табиғи құбылыстар,өсімдік және жануарлар әлемі туралы білімді дамыту мақсатында орта буын балаларымен биология мұғалімі Абилова Г.К. «Экологиялық поезд» атты викторина ойының өткізді.
Сабақ ойын түрінде өтті. Оқушылар «Мүмкін емес», «Сен білесің бе?», «Айқын-керемет» атты станцияларды аралап, көптеген қызықты сұрақтар мен жұмбақтарға жауап берді. Содан кейін адамның қандай да бір қызметіне тыйым салатын, қандай да бір табиғи объект туралы ақпараттандыратын немесе қандай да бір нәрсе туралы ескертетін белгілер жасады.