07.02.2020 ж. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студенті - Мамажанова Виктория Александровна 2-ші орыс сыныбында «Жақсылық жаса» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Балалар сабақта белсенді қатысты. Олар үшін әсіресе «Жақсылықтың ағысы» ойыны өте қызықты болды, олар бір-біріне жақсы сөздер мен тілектер айтуы керек еді. Содан кейін балалар үш топқа бөлінді, оларға әр түрлі өмірлік жағдайлар берілді, олар осы жағдайдың дұрыс шешімін таба алды. Сондай-ақ, балаларға «Мейірімді күн сәулесі» тапсырмасы өте ұнады, олар күнді жылы шыраймен, жылы сөздермен және тілектермен толықтырды. Кейін балаларға екі жүрекшеден таратып берілді, олар өздері жасаған және болашақта істегілері келетін жақсы істерін жазды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің білімдерін бағалады, мұғалім «Смайлик» рефлексиясын жүргізді. Сабақ жағымды нотамен аяқталды, барлық балалар риза болып, бұдан да жақсы істер жасауға уәде берді.