"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Мадениет отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог-2019»

 

«Үздік педагог-2019» аудандық конкурсында

26 сәуірде №1 Балкашин ОМ базасында жыл сайынғы аудандық "Үздік педагог-2019" байқауы өтті. Бұл сайысқа Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің  тарих пәні мұғалімі Нурмаканова Жулдыз Бекболатовна қатысты. Байқауға қатысушылар байқаудың 3 кезеңінен өтті: олар мұғалімнің өзін-өзі таныстыруы, шығармашылық лаборотория және бейтаныс сыныпта сабақ. Мұғалім байқаудың барлық кезеңдеріне шығармашылықпен дайындалды, ал шығармашылық зертханаға педагогикалық қызметі туралы кітап шығарды. Бұл кітапта мұғалімнің біздің мектебіміздегі 3 жыл жұмысындағы жетістіктері  көрсетілген. Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар КИО, NIO, TIO сияқты олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Екі жыл қатарынан ұстаз өзінің оқушысы Анель Салкеновамен ғылыми жобалар байқауына қатысып, 2018 жылы аудандық кезеңде және облыстық кезеңде  3-ші орынға ие болды. 2019 жылы Анель басқа секцияға қатысып  3 орын алды.

Мұғалімнің оқушысы Нурмаканова Алсу «Тарих ата» республикалық олимпиадасына қатысып жүлделі  3 орынды иеленді және де оқушы өз ұстазымен Тараз қаласына арнайы шақырту алды. Ал ұстаз осы олимпиаданың жүлдегерін дайындағаны үшін БжҒМ атынан және Дарын орталығының атынан алғыс хатпен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша мұғалім "зерттеуші-мұғалім" номинациясына ие болды, және де грамотамен ,  бағалы сыйлықпен марапатталды. Ұстазға шығармашылық табыс тілейміз!

Жаңартылған күні: 30.04.2019 09:42
Құрылған күні: 30.04.2019 09:44

Қазанның 14 күні Лесное мектебінде ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, бес асық және тоғыз құмалақ ойындарының арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жартастардың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бес асық және асық ату ойындарынан жүлделі 1 орынға ие болды.
Текст