Текст
Пластикалық матрешка туылуы
2019 жылдың 18-ші сәуірінде Каменка орта мектебінде аудандық «Зерде» ғылыми жұмыстарының жобасы өтті. Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің 4-сынып оқушысы Тлеуов Айтуар және Тлеуова Толғанай этномәдениеттану секция бойынша «Чудо-русская матрешка. Рождение пластиковой матрешки» жобасымен қатысты. Жобаның мақсаты: Орыс матрешканың тарихымен және матрешканың кескіндеу технологиясымен танысу. Авторлық матрешкасын жасау. Оқушылар жобаны лайықты қорғап, әрқайсымыз авторлық матрешканы құруға және орыс матрешкаларының шебері бола алатынын дәлелдеді. Байқаудың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз Айтуар және Толғанай 1 дәрежелі орынға ие болды.