27-29 қараша аралығында Бурабай ауданының "Звездный" БСО орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Рухани жаңғыру бағдарламасының "Тарихи мұра" кіші жобасы аясында жас тарихшылар мен өлкетанушылардың форумы өтті.. Біздің ауданымызды осы форумда тарих пәнінің мұғалімі Ж. Б. Нұрмаканованың жетекшілігімен біздің мектеп оқушыларынан құралған команда ұсынды. Бірінші номинацияны 7 сынып оқушысы Сүйінжанов Мәлік, екінші номинацияны 10 сынып оқушысы Салкенова Анель, үшінші номинацияны 10 сынып оқушысы Әшірбекқызы Наргүл ұсынды. Форум қорытындысы бойынша ауданымыз "Менің өлкемнің атаулы даталар күнтізбесі" номинациясы бойынша 3 орынға ие болды, оны Ашырбекқызы Наргүл қорғады. Ол дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар жетекшісі Нурмаканова Жулдыз Бекболатовна жүлдегерді дайындағаны үшін білім басқармасының алғыс хатымен, сондай-ақ бағалы сыйлықпен марапатталды.
Мұғалім мен оқушыларға шығармашылық жетістіктер тілейміз!