Текст
"Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы» Оқу әрқашан қызықты болуы керек. Сонда ғана оқыту табысты болады. Кіші жастағы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын қалай сақтауға болады? Танымға деген жаңа көзқарасты қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – «Бастауыш сыныптардың онкүндігін» өткізу. Бүгін мектебімізде мерекелік ашылу болып өтті. Бастауыш сыныпта апта бойы оқушылар жұмыспен айналысады: оқу, жасау, ойнау, жарысу, талқылау, сурет салу... Онкүндікке барлық балалар белсенді қатысады деп сенеміз.