"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Мадениет отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" 1-4 сыныптар

3 мамыр күні Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінде 1-4 қазақ сынып оқушылар арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағатты өтті.  Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатымыз  болды.

   Тәрбие сағатымызда оқушылар тамақтану ережелерін және тамақтану кестесін құрастырды. Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айтып, «Дәрумендер айтысын» көрсетті. Берілген жұмбақтардың жауаптарын тауып, мақал-мәтелдерді естеріне түсірді.

   iМektep. kz сайтынан «Дұрыс тамақтану» видеоролигі көрсетіліп,  «Дұрыс-дұрыс емес», «Тест», «Артығын тап» тапсырмаларын орындады. Оқушылар екі топқа бөлініп 1 топ тамақтану пирамидасын жасады, ал 2 топ жемістер мен көкөністерді топтастырды. Медбике Суюнжанова Г.Ж. «Дұрыс тамақтану» сауалнамасын өткізді.

   Дұрыс тамақтансақ денсаулықтарымыз мықты болатынына, көңіл-күйлеріміз көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарымыз арттырады деген сезіммен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Жаңартылған күні: 13.05.2019 10:44
Құрылған күні: 13.05.2019 10:44

Қазанның 14 күні Лесное мектебінде ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, бес асық және тоғыз құмалақ ойындарының арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жартастардың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бес асық және асық ату ойындарынан жүлделі 1 орынға ие болды.
Текст