Бүгін Мемлекет басшысы ел халқына дәстүрлі Жолдауын жасап, еліміздің дамуының басты бағыттарын айқындап берді. Біздің мектептің ұстаздары да Жолдауды мұқият тыңдап, маңызды мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. Дильназ Ғабитқызы: Президенттің: «Жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс» деген сөзі – біз, ұстаздар қауымы үшін үлкен бағдар мен жауапкершілік. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын. Себебі тіл мен әдебиетті оқыту тек тіл үйрету ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауға, логикалық тұжырым жасауға, ұлттық дүниетанымды кеңейтуге жол ашады. Асель Ғабитқызы: Информатика пәні тек код жазуды үйрету емес, ол – заманауи ойлауды, логиканы, шешім қабылдауды, цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың негізі. Сондықтан өз пәнім арқылы оқушыларды болашақта сұранысқа ие мамандықтарға бағыттап, ІТ саласындағы қызығушылықтарын арттыруға тырысамын. Біржан Дәменұлы: «Жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс» деген сөзі - біз, тарих пәні мұғалімдері үшін де үлкен бағдар. Өйткені Қазақстан тарихын оқыту – тек өткенді таныту емес, оқушыны ойлануға, талдауға, өз пікірін қалыптастыруға баулиды. Ал осы білімді цифрлық құзыреттермен ұштастыру – уақыт талабы.