Текст

27 қараша күні Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Сандықтау ауданының 7–8 сынып оқушылары арасында үстел теннисі мен шахматтан аудандық жарыс өтті.
Шахмат бойынша нәтижелер келесідей:
🥇 1-орын — Новоникольское ауылының жалпы орта мектебі
🥈 2-орын — Лесное ауылының жалпы орта мектебі
🥉 3-орын — Қызыл Қазақстан ауылының негізгі орта мектебі
Үстел теннисі бойынша нәтижелер:
🥇 1-орын — Мадениет ауылының жалпы орта мектебі
🥈 2-орын — Барақпай ауылының негізгі орта мектебі
🥉 3-орын — Балкашино ауылының №1 жалпы орта мектебі
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! 🏆👏