Текст
19.02.2026
Мұғалімдерді кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ынталандыру мақсатында 2026 жылғы 17 ақпанда Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аталған байқауға мектебіміздің математика пәні мұғалімі Карабаева Аружан Ерланқызы қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Педагогты жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
