Текст
19.05.2026
2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы қашықтық форматта өткізілді. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 180 оқушы қатысты.
Форум қорытындысы бойынша Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Салкенова Санджина «Экоблогер» (әлеуметтік бейнеролик) номинациясы бойынша III орынға ие болды. Жетекшісі — Салкенова А.Р.
Жеңімпаз оқушы мен жетекшісін тамаша жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!