"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Мадениет отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қ.Р. Президентінің Қазақстан халқына жолдауы туралы.

25.01.2018

Мектеп ұжымы елбасының жолдауымен танысты

(ҚР Президентінің “Төртіншіөнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері”

жолдауы бойынша пікір)

  Мен тарих пәні мұғалімі ретінде  1997  жылдан бастап біздің елбасымыздың Қазақстан халқына әр жылғы жолдауының куәсімін.

Қазақстан Республикасының Президентінің  әрбір жолдауы ылғи да халқымыздың жыл сайын

күтетін маңызды стратегиялық құжаты болып саналады.  Әр жолдау әрқашан басты,  өзекті мәселелермен қамтылған.

   Биылғы жолдауында елбасымыз Қазақстан халқын уақыт талабына сай өмір сүруге шақырады.

Жолдауда  біз жүзеге асыратын 10 міндет айқындалған.

Президент жолдауының мәні мынада: қазір әлем қарқынды даму жағдайында, яғни әлемде технологиялық революция. 

Біздің мемлекетімізге осындай өзгерістер жағдайында өмір сүруіміз қажет. Басқа да әлемдік мемлекеттердің технологиялық және экономикалық жоспарларынан кеш қалмау үшін Президент нақты шаралардың

қабылдануының қажеттілігі туралы айтады. Бұл жерде еңбек өнімділігін арттыру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды жаппай қолдану туралы айтылады.

Нақты қадамдар көрсетілген бұл бағдарлама сөзсіз барлық қазақстандықтарға, бірінші кезекте, бізге мұғалімдерге  қатысты.

   Мәдениет қазақ- орыс орта мектебінің мұғалімдер ұжымы  елбасымыз өз жолдауында көрсеткен он міндетпен  танысты. Өзімізге жетінші міндетті айқындадық.

  Дәл осы  жетінші міндетте барлық жастағы азаматтарды озық білім беру жүйесімен  тез уақытта қамтуы

туралы айтылған.

Бұл жердегі сөз адами капитал туралы.  Негізгі басымдық, білім беру бағдарламаларын дамыту болуы тиіс, яғни  қабілеті, тұрақты өзгеруіне бейімделу және жаңа білімді игеруге ынталандыру.

Осы орайда балаларды ерте жастан олардың  әлеуметтік, өзіндік оқу   дағдыларын дамыту мақсатында оқу бағдарламасының бірыңғай стандарты  енгізіледі.

2021 жылы орта білім беруде  жаңартылған оқу мазмұнына көшу аяқталады. Бұл жаңа енгізулер педагогтардың біліктілігінің өсуіне  қайта көзқарасты  қарастыруды талап етеді.

Сонымен қатар елбасымыз Қазақстанның болашағын қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруде көреді. Ал латын ғарпіне көшу қазақ тілін қазіргі заман талабына сай дамуына алып келеді. 

  Әрине, бізді қуантқан жайт, ол жаңартылған оқу бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің еңбек ақысының 2018 жылдың  1 қаңтарынан бастап 30 пайызға өсуі.

  Біз, мұғалімдер жаңартылған оқу мазмұнына көшудің маңыздылығын түсінеміз.  Бұл бірінші кезекте,  балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық және сыни тұрғысынан  ойлауды береді.

Және ең бастысы, біздің білім беру саласы бәсекеге қабілетті, жаңа заманауи трендтер мен уақыт талаптарына сай болуына  тиіс екенін түсінеміз.

   Біздің ойымызша, Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жолдауы  Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады.  Және де осы жолдауды басшылыққа алып, болашақта міндетті түрде үлкен жетістіктерге жететінімізге кәміл сенімдіміз.

 

Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің  тарих пәні мұғалімі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі

Нурмаканова Ж.Б

 

 

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қазанның 14 күні Лесное мектебінде ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, бес асық және тоғыз құмалақ ойындарының арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жартастардың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бес асық және асық ату ойындарынан жүлделі 1 орынға ие болды.
Текст