Текст
2024 жылғы 11 сәуірде 0-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін мектептегі ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.
1, «Балалардың қауіпсіздігі біздің қолымызда»
2, «Ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы»
3, «Ата-аналар – балаларының алғашқы мұғалімдері»
4. «Балалардың әдеттерін түсінуге үйрену»
Мектеп қабырғасында оқушылардың фотосуреттерімен «Ата-аналар, балаларының алғашқы ұстаздары» атты стенді безендірілді.
Жиналыс барысында тренингтер мен мастер класс өткізілді. Ата-аналар берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларға белсенді қатысты