"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Мадениет отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани Жаңғыру» Президенттік бағдарламасын іске асыруға жеке қатысуы: өз мектебінің үздік оқушылары үшін стипендия

04.01.2018

«Рухани Жаңғыру» Президенттік бағдарламасын іске асыруға жеке қатысуы: өз мектебінің

үздік оқушылары үшін стипендия.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Мәдениет қазақ – орыс орта  мектебіне

- 1995 жылы біздің мектепті бітірген түлектен, қазіргі кезде Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушісі және

мектебіміздің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлынан үндеу – хат келді.

Құрметті Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің мұғалімдері мен шәкірттері!

  Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен, сондай-ақ оқу жылының 2-ші тоқсанын сәтті аяқтауларыңызбен құттықтаймын! Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты жаңа бағдарламалық мақаласын жариялап, онда ХХІ ғасырда қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгілеп берді.

Қоғамдық сананы жаңғырту Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың жалғасы болып табылады. Негізгі бағыттары болып мыналар айқындалған: елдің эволюциялық дамуы, әрбір қазақстандықтың бәсекелік

қабілеті мен прагматизмі, патриотизм және ұлттық бірегейлікті, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, тілін және мәдени мұрасын сақтау, біздің әрқайсымызды жаңару мен жақсылыққа қарай өзгеруімізге дайын ететін сананың ашықтығы.

Қазақстан Президенті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Туған жер» жобасын іске асыруды

бастауды тапсырды, ол білім беру саласында,сондай-ақ экологиялық салада, елді мекендерді абаттандыруда,

сондай-ақ мәдени объектілер мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруде ауқымды жұмыс атқаруды көздейді.

Бағдарлама жас қазақстандықтардың өз өлкесін, жергілікті географияны,фольклорды және ұлттық мәдени дәстүрлерді зерделеуге бағытталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы

талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап өтеді.

  Туған жерге, оның мәдениетіне, әдеп-ғұрыптарына, салт-дәстүріне ерекше қарау – патриотизмнің маңызды көрінісі. Отанды сүю адамның дүниеге келген сәтінен басталып, өмір бойы бойында сақталады. Тек осы

сезімді оята білу керек. «Туған жер» бағдарламасының міндеті де осы.

Елбасы барлық толысып, табысқа жеткен қазақстандықтарды өз туған жерінің дамуына – туған өлкесіне, өз ауылына және мектебіне белсенді қолдау көрсетуге және демеушілік көмек көрсетуге үндеп отыр. Президент айтқандай – «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу

орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге

болады».

Қымбатты оқушылар!

Мен қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеймін және президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның «Туған жер» жобасын іске асыруға тікелей атсалысуды өзімнің парызым деп санаймын.

Өздерің білесіңдер, мен де сендер сияқты 1984-1995 жылдары 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін бәріміздің туған мектебіміз – Мәдениет қазақ-орыс мектебінде білім алдым. Ол жылдар мен үшін ең қызықты, ең бақытты жылдар болды, өйткені мен сол кезде мектептің кәсіби басшылығы мен оқытушылар құрамының арқасында

лайықты білім мен тәрбие алдым. Бұл маған әрі қарай Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университетте, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасында білім алуға, кандидаттық диссертация қорғауға, Президент Әкімшілігінде және түрлі министрліктерде жұмыс істеуге

мүмкіндік берді.

Ең үздік инвестиция жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету екенін ескере отырып, мен осы маңызды іске өз үлесімді қосуды жөн көрдім. Сондықтан мен біздің мектебіміздің үздік оқушылары үшін өзімнің атаулы стипендиямды тағайындадым, ол 2017-2018 оқу жылынан бастап жыл сайын 2 оқу жартыжылдығының

қорытындылары бойынша тапсырылатын болады, жалпы сомасы – 200 мың теңге. Сендерге сәттілік пен үздік білім алуларыңызды тілеймін! Ақылды ды сау болып өсіңдер, жоғары мақсаттар қойып, соған қол жеткізіңдер, өз Отандарыңды сүйіңдер, оның дамуына өз үлестеріңді қосыңдар! Болашақта бәріміз сендердің туған Қазақстанымыз бен туған жеріміздің өркендеуі жолындағы табыстарыңды мақтан тұтатын болайық!

  ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі Қамқоршылар кеңесінің мүшесі      Ғалым Шойкин

27 желтоқсанда,  оқу жылының бірінші жартысында Ғалым Нұрмағамбетұлы мектептің үздік оқушыларына стипендия беру үшін мектепке 100 мың теңге жеке қаражат бөлді.

   2017 жылдың 17 қазанында мақұлданған 9 адамнан тұратын қамқоршылық кеңес отырысын өткізіп, шешім қабылдады:

1. Мектептің қамқоршылар кеңесінің

төрағасы және хатшысы В.Н. Завзина мен Г.М. Альжапарова бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Мадениет қазақ-орыс орта мектебінің 5 оқушысына 20 000 тенге көлемінде жеке стипендия, сонымен бірге Ғ.Н. Шойкинның үндеу – хатының мәтінін табыс етті.

    

 Стипендияны алған оқушылар:

Өміргалиева  Камила – 3 сынып оқушысы, Абраамян Софик – 3

сынып оқушысы, Тлеуов Айтуар – 3 сынып оқушысы, Каиржанова Лаура – 10 сынып

оқушысы және Курманова Сара – 11 сынып оқушысы.

   

Мектеп әкімшілігі мен оқушылар, сондай-ақ  мектеп директоры Л.А. Кистанова әрқайсысында болашақ туралы арман ғана емес, сонымен қатар мақсатқа жету үшін, өздерінің мұғалімдерімен бірге «білім алу» мақсатымен жүрген оқушыларға қолдау білдірген Ғалым Нұрмағамбетұлына алғыс айтады.

 

Просмотров: 720


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қазанның 14 күні Лесное мектебінде ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, бес асық және тоғыз құмалақ ойындарының арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жартастардың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бес асық және асық ату ойындарынан жүлделі 1 орынға ие болды.
Текст