Бір апта қалада
Күзгі демалыс кезінде мектебіміздің екі оқушысы Нурмаканова Алсу және Носова Алина тарих пәні мұғалімі Нурмаканова Жұлдыз Бекболатқызының жетекшілігімен Көкшетау және Щучинск қалаларына «Бір апта қалада» Республикалық жобасына қатысып келді.
Бұл жобаның арнайы ауыл балаларына арналған. Жобаның мақсаты, біріншіден мәдениетті демалыс, екіншіден 9-11 сынып оқушыларына болашақтағы мамандық иесін таңдауға жан-жақты бағдар беру, көмектесу.
Балалар ең бірінші күні Орыс драма театрында «Дракон» атты жаңа қойылымды тамашалады.Қойылымнан кейін барлық актерлермен жолығып, «актер» мамандығы туралы көп мәлімет естуге мүмкіндік алды. Келесі күні оқушылар Көкшетау қаласының екі мұражайына барып, ол жердегі экскурсоводтардан Көкшетау қаласының тарихы туралы толық мәлімет алды. Дәл осы күні оқушылар «Новопэк» атты үлкен жұмыс ұйымын аралады. Бұл ұйымда 1000 –нан астам адам қызмет жасайды екен.
Біздің оқушыларымыз тағы да мынанадай оқу орындарын аралады, олар Щучинск педагогикалық колледжі, Ақан сері атындағы Көкшетау колледжі, Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледж, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті.
Әсіресе балалардың есінде «Тыныс» жұмыс ұйымы қалды.Бұл ұйым құпия тауар түрлерін шығарумен айналысады, мысалы бронижилеттер және әскери ұшақтарға арналған бөлшектер және де күнделікті қолданыстағы
тауарларды да шығарады. Осы ұйымды аралау барысында көптеген оқушылар жұмысшы мамандығына көбірек көңіл аударғандарын білдірді.
Біздің іс сапарымызда ылғи да бізбен бірге осы жобаның керемет басшылары болды.Қандай оқу орнына барсақ та қандай ұйымға барсақ та бізді барлық жерде тек қана жылы шыраймен қарсы алды. Біздің оқушыларымыз өздеріне көптеген дос тапты. Бұл іс-сапар балалардың есінде мәңгілікке қалатынына еш күмәніміз жоқ!