"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Мадениет отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер Күніне арналған, апталығының өткізілуі бойынша 2017-2018 оқу жылының іс-шаралардың есебі.

19.09.2017

Тілдер онкүндігінің өткізілген іс – шаралардың мақсаты: балалардың тілге деген сүйіспеншілігін ояту, өзге ұлт балаларын қазақ тілін сүйіп оқуға, құрметтеуге, баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  Мәдениет қазақ- орыс орта мектебінде Тілдер онкүндігінде орай жоспар құрылып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері дайындады.

         Қыркүйектің 9-зы күні Тілдер мерекесінің ашылу салтанаты болып, мерекелік іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен пән мұғалімдері қатысып, орыс - қазақ және ағылшын тілдерінде жатқа өлең жолдары оқылып, тілдің ерекшелігі, тілдің қасиеттілігіне тоқталып өтті. Салтанаты мерекесін бастауыш сынып мұғалімдері дайындады.

Қыркүйек айының 15-сі күні «Көп тіл білгіштері» атты аудандық көп тіл олимпиадасы  өткізілді. Сайысқа  қатысып сертификат алған оқушылар: Сивоконь Вадим, Тлеуова Сағыныш және Рахметуллинова Магишат.                 «Жасай бер, қазақ тілі- ана тілім» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқау өтті. Қатысқан оқушы Сүйінжанов Малик 1орынға иеленді. Оқушыны дайындаған қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Кудайбергенова Қ.Д

«Тіл-әр халықтың байлығы» тақырыбы бойынша, кітап көрмесін кітапханашы Баенкина А.Ж ұйымдастырды. Қыркүйектің 16-cы күні орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі Ахметова Л.Н оқырмандар байқауын үш тілде өткізді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мамажанова В.А оқушыларды ағылшын тілінде ал, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Нурмукашева Н.Б қазақ тілінде оқырмандарды дайындады. Көптеген ғажайып шығармалар айтылды, отанға, тілге  сүйіспеншілікті көрсете білді. Қазақ тілінде оқыған оқушылар бірінші орынға  Сүйінжанов Малик және Салкенова Анел иеленді. Екінші орынды Серикбаева Дильназ, үшінші орынды Алибекова Аружан  марапатталды. Орыс тілінде оқыған оқушылар бірінші орынға  Завзина Анастасия иеленді. Екінші орын Абраамян Люсенэ,үшінші орынға Тлеуова Сағыныш ие болды. Ағылшын тілінде оқырман Ким Алмаз белсене қатысқан үшін марапатталды.

   Онкүндіктің қорытындысы салтанатты жиынмен аяқталды. Жиында  ең үздік деген атпен бағаланған сынып, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар мадақтама және алғыс хаттарымен марапатталды, мұғалімдерге алғыс білдірілді.

 

 

 

Просмотров: 428


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қазанның 14 күні Лесное мектебінде ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, бес асық және тоғыз құмалақ ойындарының арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жартастардың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бес асық және асық ату ойындарынан жүлделі 1 орынға ие болды.
Текст