"Достық" жазғы сауықтыру лагерінің күнделігі ( 2 ауысым)
Кел, танысайық
Лагердің бірінші күні балаларды қарсы алып, «Өзің туралы не айтасың» танысу сәті өтті. Балалар «Қауіпсіз жаз» атты
ережелермен танысты. Осы күннен бастап лагердің ашылуына дайындық бастадық.
Лагердің ашылуы
Лагердің салтанатты ашылуы өтті. Балалар ән айтып, «Қуыршақ» биін билеп, ойын ойнап, жұмбақ жасырып көңілдерін толтырды. Шапокляк қонаққа келіп, балаларға тәтті сыйлық әкелді. Астана күніне орай балалар буклет жасады.
Әуендер күні
Балалардың танымын, ой - қиял, музыкалық-би іскерлігі мен қасиеттерін дамыту үшін жазғы би марафоны
- музыкалық конкурстық бағдарлама өткізілді. Әуендер күні болғасын балаларға «Әуенді тап» саз сайысын өткіздік. Балалар көптеген өлеңдерді біледі екен. Оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын тілінде де.
Көтеріңкі көңіл-күй күні
Бүгінгі күніміз ерекше болды, өйткені бүгін біз «Күлкі сыйла!» атты акциясын өткіздік. Күні бойы балалар бір-бірімен ойын ретінде күлкі сыйлады. Акция соңында балалар «Сен үшін» атты достарына арналған сурет салды.
Саяхатшы күні
Бүгін өте тамаша күн екен.... Балалармен бірге саяхатқа шықтық. Дорбаларымызды тамаққа толтырып өзенге қарай аттандық. Өзеннің жағалауында балалар ракушкаларды жинады. Әр түрлі ойындар ойнап түскі асымызды іштік. Одан кейін өсімдіктерді зерттей бастадық.
Бояулар әлемі
11 шілде күні «Достық» мектепалды лагерінде бояулар мерекесі күні болды. Балалар тәрбиешілермен бірге кез келген тақырыптарға сурет салды. Таңғы асымызды ішіп далаға шықтық. «Лето разноцветное» атты асфальттағы сурет сайысы өтті.
Спорт күні
Бұл күні «Денсаулығым-байлығым» атты спортық марафоны өтті. Балалар екі топқа бөлінді, әр –түрлі кедергілерден өтіп, қиын тапсырмаларды орындап «Достық» деген жеңіске жетті. Сайыстың соңында тәтті сыйлық берілді.
Сүйікті Лего
Балалардың сүйікті «Лего» конструкторларымен жұмыс жүргізілді. Мектеп алаңына шығып көңілді ойындар өтті.
«Квиллинг» өнері күні
Лагердің оныншы күні. Балалар бүгін «Квиллинг» өнерімен танысты. Квиллинг туралы қызықты видео көріп,
көбелек квиллингін орындауын шештік. Балалар жұмысқа жақсы кірісіп, нәтижесінде өз жұмыстарына риза
болды.