19 – 24 маусым аралығында «Театралдық сандықша» үйірме мемлекеттік тілде және орыс тілінде жұмыс жасады. 5-6 сынып оқушылары үйірмеге қатысты. Жетекшісі Кудайбергенова К.Д.
«Али Баба және қырық қарақшы» ертегісімен танысты. Балаларды рольдегілердің мінез-құлық, түр, түс ерекшелігіне (сыртқы бейнесі мен дауыс мәнерін және т.б. ескере отырып) қарай соған сай келетін жас әртістерді рольдерге бөлінді. Ертегіні мәнерлеп оқыды.
Балаларға қажетті жағдайларды баяндап, әр кейіпкердің сахнадағы өзін-өзі ұстау ерекшеліктеріне
тоқталынды. Кейіпкерлер костюмі, сахнаның безендірілуі, сахналық қосымша әрлегіш құралдар (музыкалық фон, дыбыстық құралдар т.б) түсіндірілді. Костюмдер мен безендірулерді дайындауға көмек көрсетілді.
Бірінші көріністердегі рольдермен жұмыс жасалды. (Диалог барысындағы мимикамен, ой екпінімен, сахналық безендірумен жұмыс жасау)
Көріністердегі рольдермен жұмыс жасалды. Ертегі мазмұнын ашуға сай келетін музыка таңдалды.
Костюмдермен, безендірумен, музыкалық қосымшамен бірге күрделі дайындық
жұмысын жүргізілді. Ертегіні оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер алдында қойылды.