"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Мадениет отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара

24.03.2017

    Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы.  Бұл біздің халқымызда  күн мен түн теңелер мезгіл, наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді.  Бұл - қыс бойы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. 

    Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ

баталарын беріп, ізгі тілек тілісетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.  Жыл басы наурыз - күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым  ететін. 

    Ұлыстың ұлы күні - наурыз мерекесі Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінде орналасқан «Балапан» және «Балбөбек» шағын орталығында да аталып өтті. Шағын орталық мерекеге сай безендірілді. Бұл күні балалар ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар ойнатылып көңіл көтерді. Тәрбиешілер балалармен үш ауылға бөлініп, әр ауыл ұлттық салт

дәстүлерді көрсетті. Бірінші  ауыл сүйінші сұрау, ат қою рәсімдерін көрсетсе, еінші ауыл баланы бесікке салу,

бесік аластау салт- дәстүрін,  ал үшінші ауыл бесік жырын  жырлады.  Келген қонақтар да мәз мейрам болды.  Арнайы балаларға Қыдыр ата келіп балаларға ақ батасын берді, осы тілектер қабыл болып еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

Балаларымыз аман-есен ер жетіп, салт дәстүрімізді ұмытпай өздерінен кейінгі ұрпаққа жеткізеді дегенге сенімдімін.

 

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қазанның 14 күні Лесное мектебінде ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, бес асық және тоғыз құмалақ ойындарының арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жартастардың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бес асық және асық ату ойындарынан жүлделі 1 орынға ие болды.
Текст