Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы
Мақсаты: оқушыларға
металдар тақырыбы бойынша алған
білімдерін еске түсіре отырып, өмірде қолдану қажеттілігін түсінуге жағдай
жасау,металдардың адам өміріндегі қызметін айқындау.
Міндеттері:
• Білімділік:
«Металдар» тақырыбы бойынша алған білімдерін
одан әрі дамытуға жағдай жасау, металдар мен олардың қолдану аясындағы
білімдерін байыту және кеңейту, қарастырылмаған металдар қасиеттерінің
ерекшеліктерін қарастыру.
• Дамытушылық:
Металдар қасиетін
зерттеу және оларды қолдану мақсатында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс
жасауына оқушылардың икемділігі мен дағдысын дамытуға жағдай жасау;
құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау; оқушылардың зияткерлік
қабілеттерін, өзіндік білім алуын дамыту; топта жұмыс жасай алуды ұйымдастыру,
білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
• Тәрбиелік:
оқушылардың коммуникативтік сапасын
қалыптастыруға, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру, топтың жетістіктері үшін
жауапкершілікті сезіну және бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өтілген
материалдарды тереңдету. ( саяхат сабағы )
Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: жұптық жұмыс,жеке
жұмыс,практикалық жұмыс.
Оқытудың әдістері:
• викториналық
сұрақтар,семантикалық карта,бірнеше жауабы бар тест жұмысы,суретпен жұмыс,
бейне ролик қарау, практикалық жұмыс,есептер шығару,кестені толтыру,картамен
жұмыс,қызықты сұрақтар,PISA тапсырмалары, ойын түрлері.
Күтілетін
нәтижелер.
Сабақта орындалатын құзыреттіліктер:
Пәндік
құзыреттілік: теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындауда
қолдана білу және алынған нәтижелерді негіздей отырып, ұсынылған ақпараттардан
металдар тақырыбын түрлі бағытта (теориялық, практикалық, шығармашылық)
қолданылуы жөнінде мәліметтер табу.
Құнды-мағыналық
құзыреттілік: өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін баламалы түрде бағалай алу,
алған білімдерін одан әрі білім алу жолына қолдану мақсатында ішкі мотивациясын
қалыптастыра алу, болашақта өз орнын табуға және одан әрі білімдерінің шыңдалу
қажеттілігін түсіну.
Ақпараттық
құзыреттілік: қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу, өз бетімен ізденуге,
қажетті ақпараттарды сараптау және таңдай алу.
Коммуникативтік
құзыреттілік: топта жұмыс жасай білу, басқа оқушылармен қарым-қатынас пен өзара
ынтымақтастықта бірлесе отырып, көздеген мақсатқа жету, қойылған міндеттерге
ортақ шешім табу, орынды әрі дұрыс сұрақ қоя білу.
Өзіндік
менеджмент құзыреттілігі: проблемалық сұрақтарды шеше білу, тапсырмалардың
күрделілігіне қарай саналы таңдау жасай білу.
Сабақтың
дидактикалық қамтамасыз ету құралдары:
Құрал-жабдықтар: интерактивті
тақта, бейнеролик, экспериментке қажетті құрал-жабдықтар, жұмыс парақтары
Химиялық
реактивтер: мыс сульфаты, су, алюминий, ас тұзы,сынауықтар,химиялық
стақандар, құтылар,қасық.
Сабақ
тың барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Сәлемдесу түрлері. Жапон халқы Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара
бастайды.
Жаңа Зеландияда Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады
Үнді халқы қос қолын біріктіріп, маңдайына тигізіп тағзым етеді
Қазақстанда Бір-біріне қол беріп амандасады
Жұптарға бөлу: «Атомдар мен молекулалар» бойынша
№1- аялдама: «Металдар және тарих»
«Викториналық сұрақтар» ( 12 ұпай )
1. Ең ауыр металл. ( осмий )
2. Ең қиын балқитын металл. ( вольфрам )
3. Пластикалығы жоғары металл. ( алтын )
4. Ең қатты металл. ( хром )
5. Ертеде бұл металды «аспан тасы» деп атаған. ( темір)
6. Ең жеңіл металл. ( литий )
7. Табиғатта таралуы бойынша 1 орын алатынметалл. ( алюминий )
8. Бірінші топ негізгі топшада орналасқан металдардың атауы. ( сілтілік )
9. Сұйық металл. ( сынап )
10. Электрөткізгіштігі ең жоғары металл. ( күміс )
11. Адам қолында балқитын металл. ( литий )
12. Әртүрлі металдарды араластырып суытқанда түзілетін жүйе. ( құйма )
«Семантикалық карта» ( 5 ұпай )
Металдардың физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылуы
|
Al |
W |
Fe |
Au |
Cr |
Электр шамының сымын дайындау үшін қолданылатын металл. |
|
+ |
|
|
|
Кеме және ұшақ өндірісінде жиі қолданылатын металл. |
+ |
|
|
|
|
Электромагниттік құралдардың тетіктерін даярлауға қолданылатын металл. |
|
|
+ |
|
|
Зергер бұйымдарын жасауда көп қолданылатын металл. |
|
|
|
+ |
|
Медицинада кесетін құралдар жасау үшін қолданылатын металл. |
|
|
|
|
+ |
№2- аялдама: «Металдар және тарих»
«Бірнеше жауаптары бар тест жұмысы» ( 12 ұпай )
1. Ұлы Отан соғысында кеңінен қолданылған металдар:
а) мыс б) темір в) қорғасын г) күміс
2. Тарихта металл атымен аталған дәуірлер:
а) мыс дәуірі б) тас дәуірі в) қола дәуірі г) темір дәуірі
3) 1399 ж Түркістанда құйылған тайқазан:
а) 7 металдан құйылған б) салмағы 2 т в) 6 металдан құйылған г) салмағы 3 т
4) «Алтын адам» сақ жауынгерінде:
а) темір қанжар б) темір қылыш в) екі алтын жүзік г) күміс сырға
5. «Энеолит» кезінде алғаш қолданылған металдар:
а) мыс б) темір в) қорғасын г) қалайы
6. Олимпия қаласындағы «Зевс мүсіні»:
а) биіктігі 17 м б) алтыннан жасалған в) биіктігі 14 м г) күмістен жасалған
№3 - аялдама: «Металдар және химия» «Сұрақтарға жауап бер» ( 2 ұпай)
а) Мына суреттегі ғалымның аты-жөні. Н.Бекетов
б)1865 ж ол не ашты? Электрохимиялық кернеу қатарын ашты
«Практикалық жұмыс» ( 2 ұпай )
Сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, үстіне бір қасық ас тұзын салыңдар (жасыл түс пайда болғанға дейін). Осы ерітіндіге алюминийдің түйіршігін салыңдар. Не байқадыңдар?
2Al + 6H 2O = 2 Al(OH)3 + 3H2
«Видеоролик» ( 2 ұпай ) тапсырма:
Реакция теңдеуін жаз. 2Na + 2 H 2O = 2NaOH + H2
«Есеп шығару» ( 2 ұпай ) Пириттің Fe S2 құрамындағы темірдің массалық үлесі қанша екенін анықта.
Жауабы: Мr (Fe S2 )= 56+32*2= 120 W( Fe )=56\120 = 46,6 %
№4-
аялдама: «Металдар және биология» «PISA тапсырмасы» ( 3 ұпай )
1. Адам ағзасында 70-ке жуық химиялық элементтер бар Иә\ Жоқ
2. Макроэлементтерге: оттек,көміртек, сутек жатады,олар ағзаның 2% құрайды. Иә\Жоқ
3 Мыс,мырыш,никель бұл ультрамикроэлементтер, олардың мөлшері 0.02%. Иә\Жоқ
«Кестені толтыр» ( 10 ұпай )
Металл |
Организмдегі орны |
Жетіспегенде пайда болатын аурулары |
Темір |
Қан құрамындағы гемоглобинде |
Анемия , шаштың түсуі,асқазан обыры |
Кальций |
Сүйектің, тістің құрамында |
Остеопороз,шәштің түсуі, кариес |
Мырыш |
Жасушада, шашта, теріде, ферменттер мен гармондарда |
Көрудің нашарлауы,кариес,жүрек және өкпе аурулары, өт тастары |
Кадмий |
Бауыр мен бүйректе
|
Бой өсуінің тоқталуы |
Натрий |
Қан плазмасында,жасушалық сұйықтықта,сүйек ұлпаларында |
Бұлшықеттің аурулары |
№5- аялдама: «Металдар және география» «Картамен жұмыс» ( 5 ұпай )
Р\с |
Металдар |
Кезесетін жерлері |
1 |
Темір |
Қостанай,Лисаков,Аят |
2 |
Алтын |
Васильков,Степняк |
3 |
Хром |
Хромтау |
4 |
Алюминий |
Арқалық |
5 |
Мыс |
Жезқазған |
№6- аялдама: «Металдар және астрономия» «Қызықты сұрақтар»
( 10 ұпай )
1. Планета атауларымен аталған металдарды жаз.
Уран, плутоний, нептуний
2. Ертедегі жеті планетаға сәйкес келетін металдарды атап жаз:
Қорғасын- Сатурн,Сынап- Меркурий