Текст
04.11.2026
Балқашин ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару президенттері арасында «Көшбасшы» аудандық байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, белсенді жастарды анықтау, олардың бастамаларына қолдау көрсету және мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін нығайту.
Байқау қорытындысы бойынша Мәдениет ауылының жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Серікбай Мақсат Ғабитұлы аудандық оқушылардың өзін-өзі басқару президенті болып сайланды!
Жас көшбасшыға алдағы уақытта толағай табыстар, тың бастамалар мен жарқын жетістіктер тілейміз!